«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 129 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 129 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Мұнайдан болатын ластанудан залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. «Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.